БЕРДІБЕК САРАЙЫ, XIV-XV ғғ.

 ​​​​   ​Отырар қаласының XIV–XV ғасырлар аралығындағы қалалық құрылымында маңызды рөл атқарған нысандардың бірі – Отырардың соңғы билеушісі Бердібек ханның сарайы. Бұл ғимарат Жұма мешітімен бірге біртұтас архитектуралық кешенді құрап, қаланың әкімшілік-саяси орталығы ретінде қызмет атқарған. Сарай XIV ғасырда салынғанымен, оның алғашқы нұсқасы XIII ғасырдың басында моңғол шапқыншылығы кезінде қиратылған. 
    Бердібек сарайы Отырардағы қамал құрылыстарының ішінде археологиялық тұрғыдан кешенді зерттеліп, құрылымдық сипаттамасы толық жасалған жалғыз нысан.  Ортағасырлық дереккөздердің бірі – Шараф ад-Дин әл-Йазди жазбаларында XIV ғасырда Отырар билеушісі Бердібектің ресми қабылдауларға арналған салтанат залы бар, бірнеше бөлмелі сарайы болғаны айтылады. 
      Әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің уақытша қонысы болған Отырарда XV ғасырдың басында орын алған ең маңызды тарихи оқиғалардың бірі – Әмір Темірдің Тоқтамыстың елшілерін осы қалада қабылдауы болды. 
    1405 жылы григариан күнтізбесінің санауы бойынша 18 ақпанында ұлы жиһангер Темір осы сарайда дүниеден озды. Алайда, Сұлтанның бақилық болуынан кейінгі, Темір әулеті арасында болған ішкі қақтығыстар  нәтижесінде бұл сарай XV ғасырдың бірінші жартысында қирап, өз жұмысын тоқтатты. 
     Әмір Темірдің өмірінің соңғы кезеңін Отырарда өткізуі – бұл қаланың тарихи дереккөздерде жан-жақты сипатталуына әсер етті. Сарайдың ішкі қамалдық қызмет атқарғанын дәлелдейтін археологиялық артефактілер – бұл нысанның өз дәуірінде мәртебелі сарай қызметін атқарғанын нақтылап берді.