Моңғол
шапқыншылығы кезінде бұзылған Сопыхана қақпасының қалажұрт топографиясында
байқалмауының себебі – оның кейінгі кезеңде мүлдем бекітіліп, тұтас қабырғаға
айналдырылып, қолданыстан шығып қалуында. Шахристанның цитаделге түйіскен
тұсынан анықталып отырған қақпа солтүстік қақпамен бір мезгілде, яғни VІІІ
ғасырда салынған және археологиялық зерттеу жұмысы екі қақпаның құрылымы мен
орналасуы жағынан өте ұқсас екендігі анықталып отыр.
Жазба
деректерде Сопыхана қақпасы «Дарваза-и-Суфи» деп аталған, бұл атау парсы
тілінен шыққан және қақпа атауы белгілі бір діни тұлға – Сопы Арыстанбабпен
байланысты, өйткені осы қақпадан шыққан жол әулиенің қабіріне апарады. Моңғол
шапқыншылығынан кейін, XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында қала
қабырғалары мен мұнаралары қайта қалпына келтіріле бастаған. Сол кезде Сопыхана
қақпасының орны тұтас кесекпен бекітіліп, қабырғаға айналдырылып, ішкі қақпа
ретінде пайдалану тоқтатылған. Бұл өзгерістен кейін сыртқы қақпа орны қараусыз
қалып, оның маңыздылығы төмендеген. Сонымен қатар, қақпаның құрылыс
материалдары басқа құрылыстарға пайдалану үшін алынған болуы мүмкін, ал ішкі
жағындағы қарауылхана сияқты қосымша құрылымдар сақталмаған.
Сопыхана
қақпасы Отырар қаласының моңғол шапқыншылығына дейінгі кезеңдегі маңызды
қақпаларының бірі болған.