Қазақ тұрғын жайынын тарихы Қазақстанның кең
байтақ жерін мекендеген ежелгі тайпалардың елді мекендері мен коныстарынан
бастау алады. Археологиялық және ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде тұрғын
үйлердің қола дәуірінен бастап өзгеріске ұшырағанын айкындауға болады.
Әрине, бәрімізге белгілі қазақтың ХІХ
ғасырдағы тұрғын жайын Қазакстанды мекендеген көне тайпалардың тұрактарының
пішіндерімен ұксастыру мүмкін емес. Қоғамдағы шаруашылықтың өзгеруі, техника
деңгейінің дамуы, әлеуметтік және экономикалық өсу тұрғын жайдың даму процесіне
өз ықпалын тигізбей қоймайды. Осылайша халықтың түбегейлі мал шаруашылығына
ауысуынан кейін Қазақстанның біршама жерінде тұрақтар мен мекен-жайлар сирейді,
алайда тұрғын жайдын жылжымалы түрлері пайда бола бастайды. Көшпелі үйдің
пішіні қазақ даласында қалыптасты. XV-XVI ғғ. жылжымалы киіз үй тұрғын жайдың
негізгі формасы болғаны анық. XVI ғасырдағы парсы жазушысы Рузбихан Исфахани
казақ тұрғын үйлері жайында «жылдам жиналады және ірі жануармен тасымалданады»
деп жазды.
Киіз үй көшпелі өмірге бейімделген, ерте
заманнан келе жатқан көшпелілер баспанасы. Еуразия далаларындағы жартылай көшпелі
және отырықшы халықтардың арасына кеңінен таралған. Көшіп қонуға лайықталып
жасалады. Ыстық күнде киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін екіқабат
киізбен қаптап, қыстайтын баспана.
Киіз үй өзінің мәдени тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты негізінен
үш түрге бөлінген: 1) жазды күні тұруға арналған киіз үй - ақ боз үй деп
аталады. 2) мереке, жиын кезінде немесе қадірлі қонақты күтіп алатын киіз үй-ақ
үй, ақ орда, отау үй деп аталған. 3) жорық кезінде тігетін киіз үй - Абылайша,
жолым үй деп аталаған. Бұдан басқа негізгі үйден бөлек асханаға, қоймаға,
сарайға арналған да киіз үйдің түрлері болған - кілет үй, ас үй, кібіт деп
аталған. Киіз үйлер 2-3 қанаттан басталып ең үлкен үйлер 30 қанатқа дейін болған.