СОЛТҮСТІК ҚАҚПА, VIII-X ғғ.

 ​​​​   ​   ​​​Отырар қаласының солтүстік қақпасы — шахристанның қорған-қамалы мен цитадельдің түйіскен тұсында орналасқан, қала құрылымындағы маңызды стратегиялық және архитектуралық нысан болып табылады. Археологиялық зерттеулерге сүйене отырып, бұл қақпаның VIII ғасырда салынғаны анықталған. Құрылымдық жағынан қақпа ішкі және сыртқы бөліктерден, сондай-ақ қарауылхана бөлмелерінен тұратын күрделі қорғаныс жүйесімен ерекшеленеді. 
    Ортағасырда қақпа тек қалаға кіретін жол ғана емес, сонымен қатар қаланың әскери, әкімшілік және қауіпсіздік функцияларын атқарған маңызды кешен ретінде қызмет еткен. Қазба жұмыстары барысында қақпаның мұнара орындары, қарауылхана бөлмелері, сондай-ақ әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын – VIII–IX, XI–XII, XIII–XIV, XVI–XVII ғасырларға тән көше құрылымдарының қалдықтары анықталып, зерттелді. 
       Зерттеу нәтижелері бойынша, қақпа X ғасырда, яғни моңғол шапқыншылығына дейін-ақ жойылған. Осы кезеңнен бастап қақпа орны бекітіліп, шахристанның қорған қабырғасына біріктірілген. Бұл өзгерту осыдан кейін аталған нысанның  бастапқы қорғаныс және әкімшілік рөлін тоқтатқанын білдіреді. 
     Отырар қаласының урбанистикалық жоспарын қайта құруда бұл құрылымның маңызы зор. Оның көп сатылы қорғаныс жүйесін зерттеу ортағасырлық қалалардың қауіпсіздік, бақылау және әскери дайындық деңгейі туралы білуге негіз болды.