ХІХ-ХХ ғасырлардағы білім беру

 ​​​​   ​  ​​Дүниежүзілік мәдениетте өшпес із калдырған ғұлама, ойшыл Әбу Нәсір әл-Фараби және онын ізбасарларының отаны болған Отырарда ежелгі заманнан-ақ ғылым мен мәдениет өркендеп дамыды. Отырар өңіріндегі діни, мәдени, ағарту орындарының ХІХ-ХХ ғасырлардағы жағдайы туралы кейбір деректерде ХХ ғасырдын басында Отырар өңіріндегі қазіргі Сарыкөл елді  мекенінде мешіт-медресе болғандығы айтылған. Сарыкөл медресесі сол кездегі белгілі оқу орыны еді. Айтылған оқу орнының ашып дәріс берген орта азия медреселерінде және Меккеде тәлім алған Оспан әжі Бегалыұлы еді. Аталған бес жылдық оқу орнында жергілікті және өзге аймактардан келген шәкірттер дәріс алып тәрбиеленді. Сарыкөл медресесі аймаққа белгілі оқу орыны болғандықтан Ақмешіттің кейбір дәулетті кісілері балаларының білім алуы үшін осында көшіп келіп, баласын медресеге бес жыл оқытып қайтқаны айтылады. Заманында білімдарлығымен елдің рухани тірегі болған осындағы Сарыкөл медресесінің озат түлектері: Зәуірбек молда, Мамырбек молда, Әбусейіт молда, Әкім кары, Охап қожа, Біләл кожа, Оспанқұл молда, Нәби молда т.б. осы сынды ұстаздар елдің сауатын ашып білім алуына көп ықпал етті.