ХІХ-ХХ ғасырларда Қазақстанның оңтүстігіндегі
қуаң аймақтарды мекендеген тұрақты көшпелі халықтарда мал шаруашылығы өте жақсы
дамыды. Шаруашылықтың дамуына аймақтың климаты да қолайлы еді. Қысы жылы, жазы
ыстық, шөбі шүйгін болғандықтан елде жұт кем болды.
Өңірінде
көшпелі мал шаруашылығы маңызды орын алған. Сыр мен Арыстың бойын жайлаған елдер жаз мезгілдерінде жазық жайлауға
шығып, қыс мезгілдерінде Сырдария бойының қамысты тоғайларын қыстады. Сыр
бойының нулы тоғайы, нар қамысы малға қысқа азық болса, іргелес жатқан құмды
дала олардың жазғы жайлауы болды.
Мұндағы халық
ежелден-ақ қой, ешкі, айыр өркешті түйе, жылқы, сиыр малын өсіруді кәсіп етті.
Ішсе асы, кисе киімі, мінсе көлігі болған төрт түлікті қашанда қатты қастерлеп,
қасиет тұтқан халық, бұдан мыңдаған жылдар бұрынғы көшпенді ата-бабалары
меңгерген малдың терісін, жүнін, сүйегін, мүйізін т.б. өз тұрмыстарына жаратты.