ТАШНАУ

 ​​​​   ​Ортағасырлық тұрғын жайлар мен өндіріс орындарында тазалық орыны ретінде ташнаулардың болғанын қазба нәтижелері анықтаған. Ташнау үйдің кіреберіс бөлмесінен терең шұңқыр қазылып, оның ішіне түбі тесілген көлемді керамикалық ыдыс орнатылып, ыдыс беті ортасында суағар тесігі бар қыштармен жабылып арнайы жасалған тазалық бұрышы. Жуынғаннан кейінгі лас су осы жүйе арқылы төменге ағып, жерге сіңіп отырған. 
      Бұл жүйе қарапайым болғанымен, тұрғын үйлердегі гигиеналық тазалықтың сақталуына ықпалы зор. Археологиялық қазба жұмыстары барысында көне Отырар қаласындағы әрбір тұрғын жайдан табылып анықталған мұндай тазалық бұрыштары  ортағасырда дамыған қалалық мәдениеттің бір көрінісі.