Ұлттық киімдер

 ​​​​   ​  ​Киім адамнын өмір сүруіне аса қажетті негізгі құралдардың бірі. Киімнің шығуы адам еңбектерінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Киім коғамның материалдык және рухани кұрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардын еңбегімен жасалған және кейбір қажеттілікті қанағаттандыратын материалдық құндылыктар болса, екіншіден ол адам қабілетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері. Бізді қоршаған ғимараттар, енбек, тұрмыс заттарымен қатар, киім де өндірістік күштердің тарихи кезеңдерде дамуын, климаттық жағдайды, халыктын ұлттық ерекшелігін, оның әсемдікке деген талғамын көрсетеді.  Ол адамның жас айырмашылығын, әлеуметтік жағдайы мен этникалык ортасы туралы мағлұмат беретін этномәдени белгі. 
          Әр халықтың ұлттық киімі ол халықтың тарихи-мәдени мұрасы. Оны зерттеу кейінгі ұрпақты бұрынғы өткен әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халыктың хал-ахуалынан кең көлемде жан-жакты хабардар етеді. 
         Ұлттық киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде ұлт тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар.