Сырдың орта тұсында Арыс, Келес, Бөген
өзендерінің бойындағы жазыққа қоныс тепкен халықтар ежелден мал өсірумен қатар
егіншілікпен де айналысқан. Академик Э.А.Эверсман Сырдың орта тұсын мекендеуші
халықты «Олар тары және ептеп арпа егеді, өзен жағалауларына орналасқан
егістіктерін қазылған каналдар арқылы суарады деп атап көрсеткен.
Отырар оазисінен Сырдария және Арыс
өзендерінің ағысында орналасуы алқапта егіншілік мәдениетінің жаксы дамуына үлкен
ықпалын тигізді. Бұл өңірде дәнді дакылдардан тары, күріш, бидай және макта, ал
бақша дақылдарынан: аскабак, кауын, карбыз, жүзім және баска да көптеген
дакылдар өсірілгенін археологиялық зерттеу нәтижелері дәлелдеп берді. Сонымен бірге зерттеу барысында Арыс және
Сырдария өзендерінен бастау алатын ортағасырлык магистралды каналдар мен
арықтар анықталды. Олардың ішінде жалпы ұзындығы 40 шақырым болатын үлкен
каналдар да бар. Сонымен қатар кәріз деп аталатын суару жүйелері мен өзен
жағалауларынан табылған шығыр орындары өңірде егін шаруашылығының ертеден белең
алғанын дәлелдеп отыр. Жоғарыта айтылған суару жүйелері XVIII-XIX ғасырларда
бұғатталып бірте-бірте қолданыстан шықты.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында егіншілік мәдениеті қайта
жандана бастады. 1930 жылы осы өңірде өткен «Шәуілдір съезі» өтіп, онда халық
біржола отырықшылыққа көшуге, бірігуге, Арыс өзенін бөгеп, Шәуілдір каналын
қазуға шешім қабылдады. Шәуілдір аулының азаматы Дүйсенбай Алтынбеков көшпенді халықты
отырықшы болуға, егіншілікпен айналысуға, ол үшін бірлесіп Шәуілдір каналын
қазып, Арыс өзенін бөгеуге шақырды. 1931 жылы ауданда алғашқы бес ұжымшар ұйымдасты. 1932 жылы тағы да
Талапты, Қарғалы, Байылдыр, Қоғам, Ынталы ұжымшарлары ұйымдастырылды. Темір
станциясынан МТС ашылды. Ауданға алғашқы тракторлар келді. Ұжымшарлар саны
17-ге жетіп, 1932 жылы Көкмардан каналына су берілді. 1934-1935 жылы Көксарай,
Құлан каналдары қазылды. 1950 жылдары Сыр бойында Келес, Бөген, Арыс
аңғарларында мақта және басқа дақылдар өсіру үшін тың жерлер көптеп игерілді.