ҚҰДЫҚ  XIV ғ.

 ​​​​   ​    ​Жұма мешіті мен Бердібек сарайын байланыстырып отырған орталық алаңда орналасқан бұл құдық  XIV ғасырға тән.  Құдық  сол дәуірдегі инженерлік ойдың озық үлгісі болып табылады. Мұнда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмысы барысында құдықтың қышпен шегенделген беріктігі мен тиімді гидротехникалық әдісте жасалғаны анықталды. Бұл қала халқының табиғи таза ауыз суды пайдалану техникасын жіті меңгергенін білдіреді. Ортағасырда мұндай құдықтар тек тұрмыстық қажеттілік емес ішкі қорғаныс кезінде және әлеуметтік өмірдің бір бөлігі ретінде маңызды рөл атқарған.   
         Құдық күйген қышпен шегенделген, диаметрі  90 см, анықталған тереңдігі 12,5 м. Құдықтың анықталып отырған мәдени қабат құрлықтан биікте тұруына қарағанда құдық деңгейі қазіргі өлшемнен әлдеқайда тереңірек болған деуге негіз бар.