Отырар қалажұртына жүргізілген қазба жұмысы барысында қала ішіндегі
тұрмыстық және жауын-шашын суын сыртқа шығару мақсатында жүргізілген жерасты
құбырлар жүйесі болғандығы анықталды. Құбырлардың ұзындығы 1 м, диаметрі 30–40 см
аралығында болған.
Құбыр жүйесі қаланың орталық бөлігінен, яғни, магистралды көшеден бастап,
тұйық көшелерге дейін жүргізілген мұндай құрылымдар қала аумағында су
тасқындарының алдын алуға, тұрмыстық қалдық суды дер кезінде сыртқа шығарып
отыруға мүмкіндік берген.
Жалпы, бұл құбыр жүйесі ежелгі қалаларда (мысалы, Отырар, Сауран, Тараз)
инженерлік инфрақұрылымның дамығанын және халықтың санитарлық мәдениетінің
жоғары болғанын көрсетеді.