ҚҰМЫРАШЫТҰРҒЫНЖАЙЫ МЕН ШЕБЕРХАНАСЫ XV–XVI ғғ.

 ​​​​   ​  ​​Тұрғынжай мен құмырашы шеберханасы ортағасырдағы тұрмыс пен өндіріс тәсілдерін зерттеуде маңызды дерек көзі болып табылады. 
      Кешеннің анфиладтық үлгіде салынған тұрғынжай құрылымы кіре-беріс дәлізі (қамба қызметін атқарған), жатын және асхана бөлмелерінен тұрады. Бұл бөлмелер бір-бірімен дәліз арқылы тізбектеліп жалғасқан. Мұндай жоспарлау үлгісі сол дәуірдегі тұрғын үй құрылысында тұрмыстық қажеттілікті басты назарға алғандығын көрсетеді. 
     Тұрғынжайға жапсарласа салынған бөлмелердің салыну формасы мен қазба барысында алынған заттай деректерге сүйене отырып өндрірістік бөлме болғандығы анықталып отыр. Кешен алдындағы бастырма астында құмыра жасау мен кептіру үшін арнайы алаңдар қарастырылған. 
     Шеберханадағы құмдандар екі камералы. Төменгі камера от жағу үшін, ал жоғарғы камерада  құмыра күйдірілген. Құмдандар екі түрлі, яғни, біріншісі – дөңгелек, екіншісі – төртбұрышты камералы боған. Бұл формалар құмыра жасау технологиясының әртүрлі кезеңдерінде өндірістің түрлі талаптары болғанын көрсетеді. 
         Кешен XV – XVI ғасырларда ұзақ уақыт пайдаланылған және сол дәуірдегі тұрғындардың тұрмысы мен қолөнерінен жан-жақты мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Мұндағы тұрғынжай мен шеберхананың бірге орналасуы еңбек пен тұрмыстың арақатынасын айқын көрсетеді.