ЖӘДІГЕРTALKS | Катапульта үлгісі – ортағасырлық соғыс құралының көрінісі
Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығында ортағасырлық соғыс құралының катапульта үлгісі қойылған. Бұл макет ежелгі тас атқыш құралдың құрылымы мен жұмыс принципін бейнелейді.
Катапульталар тарихта қамал қабырғаларын бұзу, қашықтағы нысандарға соққы беру мақсатында пайдаланылған. Осындай құрылғылар Ұлы Шыңғысхан дәуірінде де кең қолданылғаны белгілі.
«ЖәдігерTalks» айдары арқылы біз музей қорындағы жәдігерлер мен олардың үлгілері арқылы өткен дәуірдің техникасы мен мәдениетін таныстырамыз.
Толықтай фейсбук әлеуметтік желімізден көре аласыздар:
ЖәдігерTalks айдарында назарларыңызға Отырар өңірінен музей қорына жинақталған тұрмыстық бұйым — ағаштөсекті ұсынамыз.
Ағаштөсек – қазақ халқының дәстүрлі үй жиһаздарының бірі. Бұл төсек түрі көбіне жекелеген шеберлердің қолынан шығып, тұрмыста үлкендер мен науқас адамдарға арналған. Ағаш төсек өзінің қарапайым құрылымы мен табиғи материалдан жасалуы арқылы адам денесіне қолайлы жағдай туғызған.
Бұйымда артық сәндеу мен күрделі ою-өрнек жоқ, бұл оның көпшілікке арналған күнделікті тұрмыстық мақсатта қолданылғанын көрсетеді.
Мұндай төсектердің құрылымы қазіргі ортопедиялық төсек ұғымына жақын келетіні – жайлы жатуға, тынығуға мүмкіндік беруімен түсіндіріледі.
Толықтай фейсбук әлеуметтік желімізден көре аласыздар:
Бүгін сіздерге Отырар қалашығынан табылған ерекше археологиялық нысанды — санитарлық бөлме қалдықтарын ұсынамыз.
Ортағасырлық Отырардың дамыған инженерлік жүйесін көрсететін бұл нысан — сол дәуірде гигиена мен тұрмыстық тазалыққа аса мән берілгенінің дәлелі. Арнайы кәріз жүйелері мен санитарлық құрылым қалдықтары сол замандағы өмір сүру мәдениетінің жоғары болғанын айғақтайды.
Бұл жәдігер тек көне қаланың тұрмыстық құрылымын ғана емес, өркениетт деңгейін де көрсетеді.
Көне тарихтан сыр шертетін осындай құнды деректермен таныс болғыңыз келсе, "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығына келіңіз!
Толықтай фейсбук әлеуметтік желімізден көре аласыздар:
ЖәдігерTalks айдары | Бүгінгі жәдігер — Бота кебеже
Бүгінгі «ЖәдігерTalks» айдарында назарларыңызға 18–19 ғасырларға тән ерекше бұйым — Бота кебежені ұсынамыз.
Бота кебеже — сәби және түйенің жаңа туылған ботасын жатқызуға арналған, салт-дәстүр мен тұрмыстық тәжірибенің тоғысынан туған этнографиялық жәдігер.
Қазақ даласының көшпелі өмір салтында Бота кебеже — қазіргі заманғы бесік-арба (коляска) іспетті міндет атқарған. Ол сәби қауіпсіздігін, жайлылығын және ата-ананың қамқорлығын қамтамасыз еткен.
Бұл жәдігер — қазақ шеберлерінің қолөнер мәдениеті мен балаға деген ықыласының көрінісі ретінде аса құнды.
Толықтай фейсбук әлеуметтік желімізден көре аласыздар:
ЖәдігерTalks айдарында орта ғасырлық балалық шақ 13–15 ғасырларға жататын көне ойыншықтармен таныс болыңыздар!
Бүгінгі заман балалары секілді, орта ғасырда өмір сүрген балалар да ойнап, қуанып өскен. Олар саздан және сүйектен жасалған ойыншықтармен — қуыршақ, сылдырмақ, жануар мүсіндерімен ойнаған. Бұл жәдігерлер сол заманның тұрмысын ғана емес, тәрбие мен танымын да көрсетеді.
Мысалы, қошқар мүсіні — жай ғана ойыншық емес. Ол мал шаруашылығының маңызды болғанын, балаларға ұлттық болмысты кішкентайынан үйретудің бір жолы болғанын аңғартады.
Толықтай фейсбук әлеуметтік желімізден көре аласыздар:
Бүгін сіздерді ерекше жәдігермен таныстырғымыз келеді.
Бұл бұйым сол дәуірдегі сауда-саттық мәдениетін, адамдардың қаржылық қатынастарын көрсететін құнды тарихи мұра.
Керамикадан немесе металдан жасалған бұл құралдар арнайы саңылау арқылы тиын салуға арналған.
Отырар — тек ірі мәдени орталық қана емес, сонымен қатар сауда-саттық дамыған өңір болғанын осы жәдігер тағы бір дәлелдей түседі.
Орта ғасырлардағы экономикалық өмірге үңілгіңіз келсе — бейнемізді қарап, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Толықтай фейсбук әлеуметтік желімізден көре аласыздар: