Қасиетті шаһарға Отырар ауданының мәдени көші жетті. Іс-шараның алғы сөзін осы өлкенің тумасы, ақын, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шаханов бастап, ұлттық өнерді насихаттап жүрген ұжымға ризашылығын білдірді. Әбу Насыр әл-Фараби, күш атасы Қажымұқан, вальс королі Шәмші Қалдаяқов. Көпшілік ел руханиятында ойып тұрып орын алар осынау бірегей тұлғалардың бейнесін тамашалады. Ашық аспан астында театрландырылған қойылым көріп, ата-балалардың өнегесіне қанықты. Қазыналы мекен Отырардан жеткен өнерпаздардың Түркістан жұртшылығына тартуы аз емес, - дейді ұйымдастырушылар. Сағынтай Құттыбай, Отырар аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы: - Бұл көштің құрамында өздеріңіз көргендей әл-Фараби бабамыздан бастап, Мұхтар Шаханов ағамыздың, Өзбекәлі Жәнібеков көкеміздің, барлық біздің аңыз ағаларымыздың ізбасарларын көрдіңіздер. Біздің өзіміздің төл дүниелерімізді көрсетеміз. Әсіресе салт-дәстүр көріністерінің ішінде қазақта бар ғой, жаңадан туылған баланы қырқынан шығару деген сияқты. Қазақта ботаны да қырқынан шығарады екен. Сол дәстүрді көрсеттік. Отырарлық шеберлердің бұйымдары паш етілді