XIV-XV ғғ. ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ОРАМЫ

 ​​​​   ​​Отырар қалажұртының XIV-XV ғасыр аралығын қамтитын мәдени қабатына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмысы нәтижесінде функциялық бөлмелерден тұратын біртұтас орамды қамтып жатқан тұрғын үйлер анықталды. Үйлердің негізгі құрылымы тұрғынжай және шаруашылық мақсаттағы бөлмелерден тұрады. 
    Тұрғынжай бөлмесінде сыпа жасалып, сыпада тандыр ошақ орнатылған. Бұл ошақтар үйге жылу берумен қатар тағам пісіру үшін де пайдаланылған. Бөлме еденіне қыш төселген және арнайы жуыну орнында ташнау орнатылып лас судың төмен ағып жерге сініп кету жүйесі қарастырылған. 
      Тұрғынжайға жалғастырыла немесе оған қарама-қарсы орналасқан бөлмелер ас үйлік және шаруашылық қойма қызметін атқарған. Сонымен бірге қазба нәтижесінде ас үйдің қойма бөлмесінен асханалық керамика ыдыстар мен астық сақтауға арналған құмдардың табылуы XIV-XV ғасырлар аралығында өмір сүрген қала тұрғындарының құрылыс салу тәсілі мен шаруашылықты ұйымдастыруда тәжірибелерінің жоғары деңгейде болғанын көрсетті.